Logo
Іздеу
Айдарлар

Мектеп формасын алып тастау туралы петицияға 144 мыңнан астам адам қол қойды

/
Мектеп формасын алып тастау туралы петицияға 144 мыңнан астам адам қол қойды
Сурет: ашық дереккөзден

Тамыз айының басында мектеп формасын міндетті етуді тоқтатып, оның орнына еркін дресс-код енгізуді ұсынған петиция жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
 
Петиция авторы Эльмира Асанқызының айтуынша, форма үлгерімге әсер етпейді, бірақ ата-аналарға ауыр қаржылық салмақ түсіреді. Бірінші сынып оқушысына қажетті ең төменгі жиынтық 80–100 мың теңге тұрады.

Петицияда:

-міндетті форманы алып тастау;

-қолжетімді әрі ыңғайлы киімге рұқсат беретін дресс-код енгізу;

-қаржыны білім сапасын арттыруға бағыттау ұсынылған.

50 мың қол қойылса, құжат үкіметке жолданады. Қазіргі таңда қолдаушылар саны 144 мыңнан асты.

Ал Білім министрлігі форма заңмен бекітілгенін және міндетті екенін еске салды. Ведомство өкілдері оның оқушыларды теңестіріп, буллингті азайтып, іскерлік орта қалыптастыратынын айтады. Сондай-ақ мектеп формасы классикалық үлгіде, тыныш түстерде болуы тиіс, діни киім элементтерін енгізуге болмайды деп көрсетілген.

Министрлік петицияны қарамайтынын, себебі ол ресми түрде түспегенін мәлімдеді.