Logo
Іздеу
Айдарлар

Берденов менің келініме лайк басумен шектелмеді – сотталушының әкесі

/
Берденов менің келініме лайк басумен шектелмеді – сотталушының әкесі
Сурет: Әкімдік

Сотталған Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев үкім жарияланғаннан кейін сот процесіне қатысты пікір білдіріп, шағымдарын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әкесінің сөзінше, тергеу біржақты жүргізілген.

— Ол (Руслан Берденов) барлық шектен шықты. Менің келінім — сыйлы әулеттен шыққан қыз, ал ол өзіне лайықсыз әрекеттерге барды, лайк басып қана қоймай, тағы басқа да істерге жол берді. Бұл өтірік не жала емес — шынымен болған жағдай. Саяси лауазымда отырған адам «сен» деп сөйлеп, «шашың түсіп қалған, үстіңдегі киімің не?» деп айтқан, — деді Пралиев.

Сондай-ақ ол ұлына әйелің туралы ештеңе айтпа, оны рухани қинамайық, деп ескерткенін жеткізді. 

«Сол себепті көп нәрсе айтылмай қалды, бәрі тек «лайкпен» шектелгендей көрсетілді. Бірақ басқа да дүниелер болды, оны айта алмаймын. Сотта дәлелденген фактілер БАҚ-та жарияланбады. Тергеу бір жақты өтті, — деді ол.

Сонымен қатар, ол сотта маңызды айғақтар ескерілмегенін алға тартты.