Logo
Іздеу
Айдарлар

Байқоңыр тұрғындарына Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін баспана берілмек

/
Байқоңыр тұрғындарына Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін баспана берілмек
Сурет: Кремль

Ресей президенті Владимир Путин жарлыққа қол қойды.  Оған сәйкес Байқоңыр тұрғындары Украинаға қарсы соғысқа қатысатын болса, олар кезектен тыс тұрғын үйге арналған субсидия ала алады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл төлемдерге Ресей азаматтығы бар, «арнайы әскери операцияға» (Украинаға қарсы соғысқа) қатысқан, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, муниципалдық мекемелерде немесе зымыран-ғарыш саласындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін не жұмыс істеген азаматтар құқылы.

Яғни, Ресей азаматтығы бар Байқоңыр тұрғындары енді баспанаға қатысты әлеуметтік төлемдерді бірінші кезекте ала алады.