Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейде диверсия жасады деген айыппен Қазақстан азаматы сотталды

/
Ресейде диверсия жасады деген айыппен Қазақстан азаматы сотталды
Сурет: pixabay

Сот мәліметінше, қазақстандық Артур Мартынов Украина барлау қызметіне нысандардың координаттарын беріп, байланыс мұнараларын өртеген. Санкт-Петербургтегі әскери сот 28 жастағы қазақстандықты қатаң режимдегі колонияда 16 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Медиазона» басылымының хабарлауынша, Мартынов бірден бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылды: тыңшылық, диверсия, диверсия мен теракт жасауға дайындық, терроризмге жәрдемдесу және теракт жасауға оқталу.

Айыптаудың нұсқасы бойынша, ол «аңыз бойынша» әрекет етіп, украин арнайы қызметінің тапсырмасын орындаған. Ақша үшін Санкт-Петербургтегі мұнай өңдеу зауытының координаттарын беріп, инфрақұрылым нысандарын өртеуге қатысқан.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы ол Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы байланыс мұнараларын өртеп, тарату қалқанын, электр кабелін зақымдап, трансформаторлық қосалқы стансаға шабуыл жасамақ болған.

Айыптау дәлел ретінде мессенджерлердегі хат алмасуларды және «қашықтан оқудан өткендігі туралы көрсетілімдерді» келтірген.

Мартынов өз кінәсін мойындамайды. Қазақстан билігінің ресми реакциясы әзірге жарияланған жоқ.