Logo
Іздеу
Айдарлар

Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды

/
Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды
Сурет: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың інісі Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты істің фигуранты Бақытжан Байжановқа амнистия жасалды. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, тиісті шешім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін Степногорск соты Байжановтың жазасын амнистияға байланысты қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырған. Оның жазасы 8 ай 8 күнге қысқартылды. Осылайша, ол бостандыққа 2026 жылдың қарашасында шығатын болды, негізі 2027 жылдың шілдесінде бостандыққа шығуы керек болған.

Шешім шығару кезінде сот оның колониядан алған оң мінездемесін, көтермелеулерін және іс бойынша шығынның өтелгенін ескерген.

Еске сала кетейік, Байжанов Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру фактісі үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.