Қазақстанның бірнеше өңірінде, соның ішінде Астана мен Алматыда 24 тамызға арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада 24 тамыз күні түнде және таңертең қалада тұман күтіледі.
Алматыда найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Сондай-ақ қалада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстігінде – найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетуі ықтимал. Өрт қаупі солтүстік, батыс және шығыста – төтенше деңгейде.
24 тамызда күндіз Атырау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ және дауыл болжанып отыр. Жел екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Өрт қаупі батыс пен шығыста төтенше деңгейде.
Жетісу облысыеың шығысында таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Желдің екпіні 17-22 м/с. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының батысы пен солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және найзағай күтіледі. Оңтүстікте ауа райы ыстық болып, +36 градусқа жетеді. Жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі батыста төтенше деңгейде.
Абай облысында оңтүстігі және орталығында найзағай, күндіз аймақтың көп бөлігінде бұршақ пен дауыл болжанады. Жел екпіні 15-23 м/с дейін жетеді. Батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі және шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-23 м/с. Өрт қаупі солтүстікте және орталықта жоғары.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай, кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының оңтүстігі және таулы аймақтарда, күндіз таулы өңірлерде найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
Ұлытау облысының шығысында өрт қаупі жоғары болып қалады.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте өрт қаупі төтенше деңгейде.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай болжанса, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше деңгейде.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде тұман күтіледі.