Алматы облысында кісі өлтіруге оқталды деген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әлеуметтік желіде топтық төбелестің видеосы тарады. Кадрларда төбелес көрініп, сол сәтте оның бір қатысушысын жеңіл көлік қатты жылдамдықпен қағып кеткені және зардап шегушінің бір жаққа ұшып кеткенін көруге болады.
«Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер «ізін суытпай» екі күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – деді жексенбі күні КазТАГ редакциясына полиция өкілдері.