Logo
Іздеу
Айдарлар

"Украина әлі жеңіске жетпеді": Зеленский халқына шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

/
"Украина әлі жеңіске жетпеді": Зеленский халқына шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
AP Photo / Jacquelyn Martin. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский ел тәуелсіздігі күніне орай халыққа бейнеүндеу жасап, Ресеймен соғысқа байланысты маңызды мәлімдемелер айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Страна" басылымы мемлекет басшысының сөзін толық келтірген. Зеленский бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдіктері мәселесін ерекше атап өтті.

"Украина ешқашан орыстар "ымыра" деп атайтын қорлыққа көнбейді. Бүгінде әлем Украинаны тыңдайды, онымен санасады. Оның орны – келіссөз үстелінде. Бұрынғыдай "есіктің сыртында күтіңіз" демейді, керісінше "шешімді тек өздеріңіз қабылдайсыздар" дейді", – деді ол.

Зеленский сонымен бірге қазіргі халықаралық жағдайға тоқталып:

"Бүгін АҚШ та, Еуропа да мойындап отыр: Украина әлі жеңіске жеткен жоқ, бірақ ешқашан жеңілген де емес", – деп мәлімдеді.

Президент өз сөзінде Украинаның Еуропалық одаққа қосылуының маңыздылығын атап өтіп, өзге мемлекеттердің елді «кедей туыс» емес, күшті одақтас ретінде көріп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол соғыстан кейінгі басты міндет – тұрақты және сенімді бейбітшілікті қамтамасыз ету екенін айтты.