Қайғылы оқиға 22 тамыз күні БҚО-ғы Тасқала ауылында болған. Хабарларға қарағанда, анасы қызымен үйге қайтып келе жатып, жолда танысын жолықтырған. Ол әйелге баласына балмұздақ әперуді ұсынып, анасы ешқандай қауіп күтпей келісім берген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алайда қыз бірнеше сағат бойы оралмаған соң, ата-анасы дабыл қағып, полицияға хабарласқан.
Келесі күні, 23 тамызда, полиция 32 жастағы күдіктіні ұстады.
«Ол қыздың қай жерде екенін көрсетті. Бала ауыл шетінен табылды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Белгілі болғандай, ер адам екі жыл бұрын ұрлық үшін алған жазасын өтеп, түрмеден босап шыққан. Қазір кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.