Logo
Іздеу
Айдарлар

Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы пойыздың жолсеріктері Тоқаевқа үндеу жасады

/
Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы пойыздың жолсеріктері Тоқаевқа үндеу жасады
Видеодан скрин

«Otpan Logistic» компаниясына қарасты №109 және №110 пойыздардың жолсеріктері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке және облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайға еңбек жағдайына байланысты ашық хат жолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олардың айтуынша, бастапқыда келісімшарт бәріне қолайлы болғанымен, кейіннен қызметкерлер бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер мен артықшылықтардан айырылған: әлеуметтік пакет қысқарып, санаторийлік жолдамалар мен тоқсандық төлемдер жойылған, деп жазды Lada.kz.

Еске салайық, бұған дейін де қазақстандықтар Маңғыстау – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалының сапасы жайлы мәселе көтерген. Аталған бағытқа қызмет көрсететін — жеке меншік «Otpan Logistic» ЖШС компаниясы.