Астанада Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбектің бұрынғы бухгалтері Ризагүл Махметова жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 281 млн теңге жымқырды деген айып тағылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алайда адвокат Гүлмира Шалдықова мен туыстары оның кінәсіз екенін айтады. Олардың сөзінше, Махметова ТОО Aray Media Group-тың қатардағы бухгалтері ғана болған, барлық аударымдарды директор Мадина Абишева мен компанияның құрылтайшысы Айгүл Байбектің тапсырмасымен жасаған. Барлық төлемдерге келісімшарттар, актілер және чектер бар, ал сараптама ұрлықты растамаған.
Қорғаушылардың айтуынша, Махметова еңбекақы мен қызмет ақысына ақша аударып отырған, ал істің материалдарында жәбірленушілер жоқ. Сондай-ақ ол қомақты қаражатқа мүлік алмаған, қазір Астанада жалдамалы пәтерде тұрады.
Адвокат тергеу кезінде қысым болғанын және сот қорғау тарапынан ұсынылған тәуелсіз сараптаманы қабылдамағанын атап өтті.
Қорғаушылар апелляция берді және ықпалды тұлғалардың сотқа қысым көрсетуінен қауіптенеді.
«Менің әпкем кінәсіз және босатылуы тиіс. Біз бәріміз заң алдында теңбіз», – деді Ризагүлдің сіңлісі Мөлдір Аманжолова.