Logo
Іздеу
Айдарлар

Аптап ыстық болады: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы

/
Аптап ыстық болады: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы
NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері сейсенбі, 2025 жылғы 26 тамызда, Қазақстан аумағында ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аптап ыстық күтілетін аймақтар:

  • Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ұлытау, Жетісу облыстарында күндіз +35…+37°С;
  • Маңғыстау облысында +38°С дейін ысиды.

Ауа райы ерекшеліктері:

  • Батыстан келген антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық әрі құрғақ болады.
  • Тек батыс өңірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал.
  • Батыс, шығыс және оңтүстікте жел күшейеді, кей аймақтарда шаңды дауыл соғады.
  • Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Өрт қаупі:

Жоғары деңгей: Алматы облысы, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысы, Батыс Қазақстанның оңтүстігі, Ұлытау мен Қарағанды облыстарының шығысы, Маңғыстаудың оңтүстік-батысы, Атыраудың орталығы мен оңтүстігі, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстанның бірқатар аудандары, Қостанайдың батысы және Абай облысының басым бөлігі.

Аса жоғары деңгей: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Батыс Қазақстанның батысы, Алматы облысының батысы мен солтүстігі, Атыраудың шығысы мен батысы, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігі.