Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің бірінші онкүндігінде халыққа Жолдау жасайды, деп хабарлады Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жыл сайынғы Жолдауын жасайды», – деді Желдібай сейсенбі күні.
Еске салсақ, 2024 жылы Тоқаев 2 қыркүйекте Жолдау жасап, ол «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» деп аталған болатын.