Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек аралығында ресми сапармен барады, деп хабарлайды Arasha.kz.
31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысады.
2 қыркүйекте Тоқаев Бейжіңде «Қазақстан – ҚХР» іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
3 қыркүйекте Мемлекет басшысы құрметті қонақ ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.