Logo
Іздеу
Айдарлар

Бектенов әкімдерді жылыту маусымына дұрыс дайындалмағаны үшін сынады

/
Бектенов әкімдерді жылыту маусымына дұрыс дайындалмағаны үшін сынады
Сурет: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жылыту маусымының басталуына бір айдан аз уақыт қалғанын, алайда көптеген облыстарда жөндеу жұмыстары аяқталмағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақмола облысында Степногорск ЖЭО-дағы қосалқы қазандықтың жөндеуі әлі аяқталмаған. Маңғыстау облысында ЖЭО-2-дегі жұмыстар созылып кеткен және Ақтауда жылу желілерін қайта құру баяу жүргізілуде.

«Жүргізіліп жатқан жұмысты барынша жеделдету қажет. Бұл жағдай әкімдердің тарапынан әлсіз жоспарлау мен қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Кейбір өңірлерде қысқа дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысы әлсіз. Тиісті үйлестіру мен бақылау болған жағдайда көптеген тәуекелдердің алдын алуға болар еді», – деді Бектенов.

Ол Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларындағы энергия көздерін ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, Бектенов әкімдерге нысандардың қысқа дайындығын тексеретін комиссиялардың жұмысына жеке қатысуды міндеттеп, дайындық паспорты жоқ энергокәсіпорындардың жылыту маусымында жұмыс істеуіне рұқсат етілмейтінін қатаң ескертті. Ережебұзушылықтарға жол бергендер жауапкершілікке тартылады.