Logo
Іздеу
Айдарлар

Бішкекте белгілі қазақ кәсіпкер қамауға алынды

/
Бішкекте белгілі қазақ кәсіпкер қамауға алынды
Сурет: pexels

Қазақстандық кәсіпкер Алмаз Зарипов Бішкекте қамауға алынды. Оған 2,5 миллион долларлық алаяқтық жасады деген күдік келтірілуде. Kaktus Media сайты жазғандай, биыл наурыз айында Қырғызстанның ҰҚК-не екі Бішкек тұрғыны арызданған. Олар 51 жастағы ер адамның сенімдеріне кіріп, Қазақстаннан астық өнімдерін жеткізуді ұсынғанын айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шарттарға келіскен соң, олар оған 2,5 миллион доллар (1,3 млрд теңгеден аса) қаржы берген. Алайда ақша қолына тигеннен кейін «жеткізуші» байланысқа шықпай, жасырынуға кіріскен. Іскерлік ортадағы дереккөздер сөз болып отырған адамның – KAZBRAND азық-түлік холдингінің «Аграрлық сервис» компаниясының директоры әрі Қазақстан Аграрлық-өнеркәсіптік одағының президенті Алмаз Зарипов екенін растады.

Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдері саудасымен айналысады және 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Қырғызстанның арнайы қызметі Зариповты іздеу жариялап, 23 тамызда ұстаған. Бішкек соты оны тергеу жүріп жатқан уақытта, яғни 20 қыркүйекке дейін қамауға алу туралы шешім шығарды. Кәсіпкерге аса ірі көлемдегі алаяқтық айыбы тағылып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол ауыр жазаға кесілуі мүмкін.