Logo
Іздеу
Айдарлар

Жауын жауып, найзағай жарқылдайды: 27 тамызға арналған ауа райы болжамы

/
Жауын жауып, найзағай жарқылдайды: 27 тамызға арналған ауа райы болжамы
Uma Shankar sharma/Getty Images

27 тамызда еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде циклондардың ықпалы сезіледі. Соның салдарынан бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ әрі бұлтты ауа райы сақталады.

Республика аумағының жекелеген жерлерінде жел күшейеді.

Қызылорда мен Түркістан облыстарында, сондай-ақ Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан мен Абай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Ал күндіз Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Астана қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +25...+27°С.

Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде +12...+14°С, күндіз +26...+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлттар басым болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +31...+33°С.