АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның ЕО-ға мүшелігіне қарсы болып келген Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды «Киевтің ЕО-ға кіру мәселесінде ұстанымын жұмсартуға» көндірді, деп жазады Politico басылымы аты-жөнін атамаған дипломатқа сілтеме жасап.
Politico-мен сөйлескен екі дипломат та Будапештке жасалып жатқан қысымды ескере отырып, Украина мүшелігіне қатысты тығырыққа тірелген жағдай алдағы айларда шешілуі мүмкін деген үміт білдірді.
Мақалада бұдан өзге мәліметтер келтірілмеген. Орбан бұған дейін бірнеше рет Украинаның ЕО-ға кіруіне қарсы екенін мәлімдеген, ал өзінің ұстанымын өзгертетіні туралы әзірге жария түрде айтқан жоқ.