Logo
Іздеу
Айдарлар

"40 жыл араласпадым": Айгүл Иманбаева марқұм әкесі жайлы шындықты жайып салды (ВИДЕО)

/
"40 жыл араласпадым": Айгүл Иманбаева марқұм әкесі жайлы шындықты жайып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Айгүл Иманбаева мен әкесі

Танымал актриса Айгүл Иманбаева әкесі туралы сырын бөлісіп, жан дүниесін ақтарды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дулат Тастекейге берген сұқбатында Айгүл әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын жеткізді.

"Мен әкеммен 40 жыл араласпаған адаммын ғой. Негізі менің ата-бабам Астрахан қазақтары, кейін Атырау мен Оралға қоныс аударған. Ал анам Жамбыл облысының тумасы. Әке-шешем ажырасқан соң, мен әкеммен 40 жыл араласпадым. Өкпем қара қазандай болды. Кімге ренжіп жүргенімді өзім де білмеймін. Бұл балалық реніштер еді. Бірақ өз-өзіммен жұмыс істеген соң, 40 жылдан кейін әкеммен табыстым", – деп бөлісті Айгүл Иманбаева.