Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде Ольга Стефанишинаның Америка Құрама Штаттарындағы Украина елшісі болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Жаңа ғана Ольга Стефанишинамен сөйлестім — ол енді АҚШ-тағы жаңа Елші. Барлық ресми рәсімдер аяқталды — бүгін мен елшіні тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Елшіліктің жұмысын жаңғырту бойынша негізгі міндеттерді айқындадым. Ең бастысы — Вашингтонмен жасалған барлық келісімдерді толық жүзеге асыру, әсіресе қорғаныс саласында президент Трамппен келісілген уағдаластықтарды орындау», — деді Зеленский.
Айта кетейік, Ольга Стефанишина 2025 жылғы шілдеге дейін Украина вице-премьері — еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселелері жөніндегі министрі әрі әділет министрі қызметін атқарған. Үкіметтегі ауыс-түйістерден кейін ол президенттің АҚШ-пен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы уәкілі болып тағайындалған еді.