Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейдің Киевке жасаған соққысынан кемінде сегіз адам қаза тапты

/
Ресейдің Киевке жасаған соққысынан кемінде сегіз адам қаза тапты
Сурет: Зеленский каналы

Украина президенті Владимир Зеленский, украиналық ведомстволар және Ресейдің тәуелсіз БАҚ-тары Украина аумағына кезекті соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл жолы Ресей Киевті атқылады.

28 тамызға қараған түні болған соққы салдарынан Зеленскийдің дерегінше, кемінде сегіз адам қаза тапты, олардың арасында бір бала бар.

Украина ТЖҚ деректеріне сәйкес, алты адам көз жұмып, 26 адам жараланған. Көпқабатты үйлер бүлініп, өрт шыққан. Сондай-ақ балабақша, пошта және басқа да қалалық нысандар зақымданған. Киев қалалық әкімдігінің мәліметінше, жараланғандар саны 45-ке жеткен.

«Киевте Ресейдің соққысынан қираған тұрғын үйдің үйінділерін аршу жалғасуда. Бұл — біздің қалаларымыз бен халқымызға қарсы жасалған тағы бір жаппай шабуыл. Тағы да қантөгіс, бала қаза тапты... Үйінді астында адамдар қалуы мүмкін. Ресей келіссөз үстелін емес, баллистиканы таңдайды. Ол соғысты тоқтатуды емес, өлтіруді таңдайды. Біз атысты тоқтатуға шақырған Қытайдың реакциясын күтеміз. Біз бүкіл әлем елдерінің үн қатуын күтеміз...» — деп жазды Зеленский өз арнасында.

Украина СІМ басшысы Андрей Сибига соққы салдарынан Украинадағы ЕО миссиясының ғимараты да зақымданғанын мәлімдеді. Ол Ресейдің бұл әрекетін Вена конвенциясының бұзылуы деп атады.