Logo
Іздеу
Айдарлар

Әзербайжанды Кеңес Одағы «оккупациялады» – Әлиев

/
Әзербайжанды Кеңес Одағы «оккупациялады» – Әлиев
Сурет: ашық дереккөзден

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында ел Кеңес Одағының «оккупациясында» болғанын, бұл жағдай оның демократиялық республика ретінде дамуына кедергі жасағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Нахичевань дәлізіне қатысты сұраққа жауап бергенде, Әлиев бұл өңірдің анклавқа айналуына 1920 жылы Кеңес Одағының Батыс Зангезурды Әзербайжаннан тартып алып, Арменияға беруі себеп болғанын атап өтті.

«1917 жылы Ресей империясы құлаған кезде Әзербайжан Демократиялық Республикасы жарияланды. Бұл мұсылман әлеміндегі алғашқы демократиялық республика болатын, 1918 жылдың мамырында құрылған. Алайда ол 1920 жылдың сәуіріне дейін ғана өмір сүрді, сол кезде Ресей әскері Әзербайжанға басып кіріп, оны оккупациялады», — деді Әлиев.