Ертең, 29 тамыз күні республика аумағында күн күрт ысып, кей өңірлерде жауын-шашын болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің болжамынша, күндізгі ауа температурасы мынадай деңгейде болады:
- Ұлытау облысында – +35°С дейін;
- Жетісу мен Алматы облыстарында – +35…+37°С;
- Маңғыстау облысында – +38°С-қа дейін.
Батыс аймақтарда антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, елдің басқа өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі және қатты жел соғуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі: оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін, ал солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман басады.