Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Сурет: Әкімдік

Әкімдік ғимаратында шабуылдан аман қалған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

– Руслан Берденов өз еркімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл лауазымды осы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, күні кеше Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот аяқталған болатын. «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырыстарында ол жанжалдың себебі – қызғаныш екенін айтқан. Сотталғанның сөзінше, шенеунік оның жұбайына көңіл аударып, кейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековті қаралауды ұсынған.