Logo
Іздеу
Айдарлар

Он жеті жастағы қыз жігітін 14 мың долларға құлдыққа сатып жіберген

/
Он жеті жастағы қыз жігітін 14 мың долларға құлдыққа сатып жіберген
Фото: коллаж arasha.kz

19 жастағы жігіт Қытайдағы бильярд клубында қызбен танысқан. Қыз өзін бай мұрагермін деп таныстырып, оны «жақсы жұмыс пен туыстық байланыстар» уәде етіп Мьянмаға баруға көндірген. Бірақ шекараға жеткенде оны қарақшылар қарсы алып, қыз із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жас жігіт 4 ай бойы құлдықта болған: оны киберқылмыспен айналысуға мәжбүрлеген, азаптап, күніне 20 сағат компьютердің алдында отырғызған. Осы уақыт ішінде ол 10 келі салмақ тастап, құлағының бір бөлігі естімей қалған.

Бұзақылар $48 000 көлемінде құн талап еткен, бірақ жігіттің отбасы ақшаны бірден жинай алмаған. Ақыры біраз уақыттан соң оны босатқан.

Ал қыз болса, бұл уақытта Таиландқа кетіп, демалып, ақшаның бір бөлігін жаратып үлгерген. Қытайға қайтар жолда оны полиция тұтқындады.