Logo
Іздеу
Айдарлар

Қар жауып, үсік жүреді: 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

/
Қар жауып, үсік жүреді: 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 1 қыркүйектегі синоптикалық жағдай мен қауіпті құбылыстар туралы мәліметін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дүйсенбі күні батыс антициклоны әсерінен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Елдің қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен орталық өңірлерде жауын-шашын ерекше күшті болып, бұршақ пен дауыл ықтимал", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, түнгі уақытта республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Жалпы ел аумағында жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауылдар, ал солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық болады: +35…+37 градусқа дейін. Маңғыстау облысында +38 градус, Ақтөбе облысының батысында +35 градусқа дейін көтеріледі.