Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында дала өртінен үш адам қаза тапты

/
Алматы облысында дала өртінен үш адам қаза тапты
Сурет: ТЖД

Күндіз тұтанған өрт жылдам таралып, тұрғын үйлерді шарпыды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ТЖМ хабарлауынша, 30 тамыз күні Қарасай ауданындағы Тұрар ауылының маңында құрғақ шөп өртенген.

Жалын әп-сәтте алқапқа жайылып, саяжай үйлеріне жеткен. Өрт салдарынан жеті құрылыс, алты шаруашылық нысан, Honda Civic автокөлігі, шөп қора, көлеңкелі шатыр және бір тұрғын үй өртеніп кетті.

«Құтқарушылар жеткен сәтте бүкіл аумақ ашық жалынға оранған еді. Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД күштері жұмылдырылды – барлығы 27 адам және 10 техника. Тілсіз жауды тек түн ортасына таман ауыздықтау мүмкін болды», - деді ТЖД.

Күйінді арасынан үш адамның денесі табылған. Қазіргі уақытта олардың жеке басы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.