Logo
Іздеу
Айдарлар

Шұғыл! Қайғылы оқиға! Парламент ғимараты өртеніп, адамдар қаза тапты

/
Шұғыл! Қайғылы оқиға! Парламент ғимараты өртеніп, адамдар қаза тапты
ашық дереккөзден

Индонезияда депутаттарға берілетін артықшылықтарға қарсы жаппай наразылықтар бір аптадан бері толастамай тұр. Наразылар Джакартада парламент мүшесінің үйін тонап, ал Макассар қаласында парламент ғимаратына от қойған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Толқулар елде депутаттарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайын өтемақы төленетіні жайлы дерек тарағаннан кейін басталған. Шерушілер еңбекақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды және парламентті тарату талабын алға тартып отыр.

Қақтығыстар кезінде мемлекеттік қызметкерлердің үйлері қиратылып, бірқатар полиция бөлімшелері де өртелген.

Ресми дерек бойынша, бүлік барысында кемінде 4 адам қаза тауып, тағы 5 азамат жарақат алған. Қала инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келіп, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтады. Сонымен қатар Оңтүстік Джакартадағы маңызды көлік артериясы жабылды.