Logo
Іздеу
Айдарлар

Жаңбыр жауып, күн суытады: 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

/
Жаңбыр жауып, күн суытады: 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 2 қыркүйекке арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айдың басында Салехард аудандарынан келген суық ауа массалары ел аумағына әсер етіп, температураның төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен ылғал қар жаууы ықтимал.

Бірінші онкүндікте Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын, кей өңірлерде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда алғашқы үсік байқалуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Батыс өңірлерде қыркүйектің басында түнгі температура +15…+20°С, күндіз +32…+37°С болса, онкүндіктің соңында +18…+25°С шамасында болады.

Оңтүстік-батыста күндіз +32…+40°С ыстық күтіледі, кейін +25…+30°С-қа дейін төмендеп, айдың соңына қарай қайтадан +33…+38°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +3…+8°С аралығында, кей жерлерде топырақ бетінде үсік күтіледі. Күндіз +11…+18°С-тан +22…+30°С-қа дейін біртіндеп жылы болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +10…+18°С, күндіз +26…+39°С аралығында ауытқиды.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде де ауа райы құбылып тұрады.

Батыс пен солтүстік-батыста түнде +2…+12°С, кейде 3°С үсік болуы мүмкін. Күндіз +18…+26°С шамасында болады.

Солтүстік, орталық және шығыста түнде +1…+6°С, ал соңына қарай 1–6°С үсік жүруі ықтимал. Күндіз +8…+13°С-тан +20…+28°С-қа дейін ауытқиды.

Оңтүстік аймақтарда кей күндері суық күшейіп, түнде топырақ бетінде үсік жүрсе, күндіз +11…+20°С-қа дейін төмендейді. Дегенмен, басқа күндері ыстық басым болып, +25…+35°С-қа дейін қызуы мүмкін.