Кеше, 1 қыркүйекте Тараз қаласында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, оның барысында бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тараз қаласының білім бөлімі оқиғаның оқу процесінен тыс уақытта болғанын хабарлады. Қақтығыс тұрмыстық себептен туындаған, бұған дейін жасөспірімдер бір-бірін танымаған.
Сонымен қатар екі мектептің оқушылары арасындағы төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Топтық қақтығыс фактілері анықталған жоқ.
Өңірлік полицияда ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Күдікті жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті жасөспірім ізі суымай қолға түсіп, қамауға алынды», – делінген Полиция хабарламасында.
Тергеу амалдары жүргізілуде.