Logo
Іздеу
Айдарлар

Депутаттар Aitu мессенджерін қолдануға міндетті емес – Бақытжан Базарбек

/
Депутаттар Aitu мессенджерін қолдануға міндетті емес – Бақытжан Базарбек
Сурет: Мәжіліс

Мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері 15 қыркүйекке дейін ұлттық мессенджерге көшуі тиіс, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алайда Aitu мессенджерін пайдалану мәжіліс пен сенат депутаттары үшін міндетті емес, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

«Бізді, халықтан басқа, ешкім ешнәрсеге міндеттей алмайды. Егер үкімет қандай да бір қосымша әзірлеген болса, олар тек үкімет пен министрлік мүшелерін ғана міндеттей алады. Ал біз, депутаттар, тек халыққа ғана есеп береміз», – деді Бақытжан Базарбек.

Президент Тоқаев қызметтік коммуникацияларды Aitu-ға көшіруді тапсырды, ал Премьер-министр мемлекеттік қызметшілердің барлығы 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін осы мессенджерге көшуі керектігін хабарлады.