Украинаның қауіпсіздігі Ресейдің қауіпсіздігі есебінен қамтамасыз етіле алмайды, деді РФ президенті Владимир Путин.
«Әрине, бұл – Украинаның өз шешімі, ол өзінің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететініне өзі жауапты. Бірақ бұл қауіпсіздік, соның ішінде Еуропа құрлығындағы қауіпсіздікке қатысты негізгі құжаттарда жазылғандай, басқа елдердің, атап айтқанда, Ресей Федерациясының қауіпсіздігі есебінен қамтамасыз етілмеуі тиіс», – деді Путин Словакия Республикасы Үкіметінің төрағасы Роберт Фицомен кездесуінде.