Logo
Іздеу
Айдарлар

Ердоған: Путин мен Зеленский екіжақты кездесуге «дайын емес»

/
Ердоған: Путин мен Зеленский екіжақты кездесуге «дайын емес»
Сурет: Интерфакс

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қытайға сапары барысында Ресей президентімен Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылағанын журналистерге айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ердоған сондай-ақ Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескенін, бірақ тараптардың «әзірге екіжақты келіссөздерге дайын еместігін» жеткізді, деп жазды Reuters агенттігі.

Түркия президентінің айтуынша, Анкара «келіссөздер деңгейін біртіндеп көтеруді» қолдайды.

Вашингтонда еуропалық көшбасшылар қатысқан келіссөздердің қорытындысы бойынша АҚШ президенті Дональд Трамп келесі қадам – Украина мен Ресей президенттерінің кездесуі екенін мәлімдеді.

Зеленский кез келген уақытта Путинмен кездесуге дайын екенін айтса, Ресей бірнеше рет мұндай келіссөздер үшін алдымен атысты тоқтату шарттары мен бейбітшілікке апаратын жолдарды келісу қажет екенін алға тартты.

Сонымен қатар Мәскеудің мәлімдемелерінен қандай да бір ымыраға баруға немесе максималистік талаптардан бас тартуға дайын екені байқалмады.