Logo
Іздеу
Айдарлар

Бұршақ жауып, үсік жүреді: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

/
Бұршақ жауып, үсік жүреді: 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Түнде шығыс өңірлерде жауын-шашын аралас қар күтіледі. Ал солтүстік, солтүстік-батыс пен батыста бұршақ жауып, қатты жел соғуы ықтимал.

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде жел күшейеді: батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, ал солтүстік, шығыс және орталықта түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстанның шығысында, сондай-ақ Ақмола облысының бірқатар аймақтарында топырақ бетінде -2°С дейін үсік күтіледі.

Күндіз Атырау облысында ауа температурасы +35…+37°С-қа дейін көтерілсе, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35°С ыстық болады.

Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағандының батысы мен солтүстігінде, Ақмоланың батысы, орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстанның батысы, Алматы облысының бірнеше аймағы, Атыраудың шығысы мен оңтүстігі, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының кей өңірінде төтенше өрт қаупі сақталады.