Logo
Іздеу
Айдарлар

"Пикникке" қызметтік көлікпен барған шенеунік дауға қалды

/
"Пикникке" қызметтік көлікпен барған шенеунік дауға қалды
Сурет: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының қоғам белсендісі жергілікті мемлекеттік қызметшілерді «қылмыс орнында» ұстап алды. Ол көргендерінің барлығын ұялы телефонына түсіріп отырған. Белсендінің камерасына от жағылған жер мен қоқыс үйінділері де түсті. Ер адам мұндай әрекетке ашуланып, ал әкімдіктің мемлекеттік нөмірі бар көлігін көрген соң, бұл жағдайды назарсыз қалдырмай, жариялауға бел буыпты. Ол тиісті органға – мемлекеттік қызмет істері департаментіне хабар берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Halyqstan телеграм арнасының жазуынша, оқиға 17 шілде күні кешкі сағат сегізге таман болды – жұмыс уақыты аяқталған еді. Ал жағдай болса демалысқа ыңғайлы болатын. Біреулер шатырда тамақтанып отырса, енді бірі орман көрінісін тамашалап отырған.

Бұл жағдай Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Смаиловқа (суретте) оңайға соқпады. Ол күні шендінің жанында жүргізушісі болмай, жаңа KIA Rio көлігін өзі тізгіндеген. Айтпақшы, өзінің жеке көлігі жоқ екен.

Шенеунік ол күні алкоголь қолданбағаны белгілі болды. Алайда қызметтік автокөлікті жеке мақсатта, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін пайдаланғаны үшін заң алдында жауап береді.

Кеше этика кеңесінде шенеуніктердің ормандағы басқосуы талқыланып, Дархан Смаиловқа қатаң сөгіс жариялау ұсынылды. Оның тағдырын Жамбыл ауданы әкімінің өзі шешетін болады.