Logo
Іздеу
Айдарлар

Жел тұрып, жаңбыр жауады: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

/
Жел тұрып, жаңбыр жауады: 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің мәліметінше, 4 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс аймақтарда қатты нөсер жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді.

Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталықта күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Шығыс пен орталықта түнгі уақытта ауа температурасы +2…+10 °С аралығында болып, кейбір жерлерде жер бетінде –2 °С дейін төмендейді.

Күндізгі температура:

  • Батыс: +15…+27 °С;
  • Солтүстік: +25…+30 °С;
  • Орталық: +25…+35 °С;
  • Шығыс: +12…+25 °С;
  • Оңтүстік: +33…+38 °С;
  • Оңтүстік-шығыс: +28…+33 °С;
  • Таулы өңірлер: +18…+23 °С.