Logo
Іздеу
Айдарлар

Өзбекстан Ресейге ресми нота жіберді

/
Өзбекстан Ресейге ресми нота жіберді
Сурет: видеодан скрин

Өзбекстан СІМ-і «өзбек мигранты орыстардың құлы» деген ер адамды тауып, жазалауды талап етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей СІМ-іне ресми нота жолдап, өзбекстандық таксиді «орыстардың құлы» деп қорлаған ер адамның жеке басын анықтап, оған қатысты заңды шара қолдануды талап етті. Бұл туралы Өзбекстан СІМ баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов тамыз айында кең қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға түсініктеме бере отырып хабарлады.

Minval басылымы жариялаған, Мәскеу облысында түсірілген болуы мүмкін бейнежазба Өзбекстанда үлкен наразылық тудырды. Кадрларда ер адам таксистке айқайлап, оны этникалық шығу тегі бойынша қорлап жатқанын көруге болады.