Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда электросамокатпен жүрген екі қызды автобус қағып кетті

Алматыда электросамокатпен жүрген екі қызды автобус қағып кетті
Сурет: әлеуметтік желі

Алмалы ауданында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде электросамокатпен келе жатқан екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 12:30-да Алматы қаласының Алмалы ауданында болған. «Фотон» маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Уалиханов көшесі бойымен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелі арқылы қозғалған екі қызды қағып өткен», – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2008 жылы туған қыздар түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

«Жол апатының мән-жайын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – деді полиция департаментінде.