Logo
Іздеу
Айдарлар

Қытай карбамид шығаратын зауыт салуға көмектеседі. Тоқаев Қытайға жасаған сапары жайлы баяндады

/
Қытай карбамид шығаратын зауыт салуға көмектеседі. Тоқаев Қытайға жасаған сапары жайлы баяндады
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекет экономиканың түрлі саласына шетел инвестициясын жүйелі түрде тарту жұмысына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы жақында Қытайға жасаған сапарының нәтижесіне тоқталды. Сапар аясында жалпы құны 15 млрд доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылған. Оның ішінде:

Ақтөбе облысында құны 1 млрд доллардан асатын карбамид өндіретін газ-химия кешенін салу туралы CNPC компаниясымен келісім.
Атырау облысында этан мен пропан тасымалдауға арналған магистральді құбыр құрылысын қаржыландыру бойынша Қытай даму банкімен жасалған, құны 530 млн долларлық уағдаластық бар.

«Қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ стратегиялық сипаттағы жаңа жобалар жоспарланған. Оның ішінде Ақтөбе облысында карбамид шығаратын газ-химия кешенінің құрылысы жөнінде СNPC компаниясымен жасалған келісімді ерекше атап өткім келеді. Жоба құны 1 миллиард доллардан асады. Атырау облысында этан және пропан тасымалдауға арналған магистральді құбыр құрылысын қаржыландыру бойынша Қытай даму банкімен жасалған уағдаластықтың да маңызы зор. Келісімнің жалпы сомасы – 530 миллион долларға жуық. Біз барлық халықаралық инвесторлармен ықпалдастықты тереңдетуге әрдайым баса мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан америкалық, ресейлік, еуропалық және қытайлық корпорациялармен мұнай-газ саласында көп жылдан бері серіктестік орнатып келеді.