Logo
Іздеу
Айдарлар

6 қыркүйектегі ауа райы болжамы

/
6 қыркүйектегі ауа райы болжамы
Сурет: pixabay

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда найзағаймен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында бұршақ пен дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Елдің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады, — Қазгидромед таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Алматы, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Ал Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.