Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы әуежайында ресейлік белсенді ұсталды

/
Алматы әуежайында ресейлік белсенді ұсталды
Сурет: Юлия Емельянованың жеке қорынан

Ресейлік белсенді Юлия Емельянова Алматы әуежайында басқа елден ұшып келген соң ұсталды. Ол Қазақстан арқылы транзитпен ұшып өтпек болған, бірақ паспорттық бақылауда Ресейдің сұрауы бойынша іздеуде жүргендіктен ұсталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

ВВС-дің мәліметінше, оған Қылмыстық кодекстің «ұрлық» бабы бойынша айып тағылған. Құқық қорғаушылар бұл істі оның азаматтық белсенділігі үшін қолдан жасалған деп есептейді. Украинадағы соғыс басталмай тұрып, ол Санкт-Петербургтегі Навальный штабының еріктісі болған. Қазір Емельянова Алматыдағы СИ-24 тергеу изоляторында отыр, оны Ресейге экстрадициялау қаупі бар.

«Оның транзиттік рейсі басқа елге басқа әуежайдан еді. Сол үшін ол қалаға шығу үшін паспорттық бақылаудан өтуге тырысқан. Бұл – үлкен қателік болды», – деді BBC-ге Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның заңгері Артур Алхастов. Бюро 34 жастағы Емельяноваға құқықтық қолдау көрсетіп жатыр.

Қазақ шекарашылары оны ҰҚШҰ елдерінде іздеуде жүргендіктен ұстаған. Ресейде оған 2021 жылы Санкт-Петербургте таксистен телефон ұрлады деген айып тағылып, Қылмыстық кодекстің 158-бабы («ұрлық») бойынша іздеу жарияланған.