Украина Премьер-министрі Юлия Свириденко түнгі дрон шабуылы салдарынан Киевтегі министрлер кабинеті ғимаратының зақымданғанын растады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Алғаш рет жау шабуылы салдарынан үкімет ғимаратының шатыры мен жоғарғы қабаттары зақымданды. Құтқарушылар өртті сөндіруде. Ғимараттарды қалпына келтіреміз, бірақ жоғалған өмірлерді қайтара алмаймыз. Жау күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінде халқымызды террорға ұшыратуда», — деп келтіреді оның сөзін УНИАН.
Бұған дейін украиналық БАҚ Ресей дрондарының шабуылын тойтару кезінде Украина үкіметінің ғимаратында өрт шыққаны жөнінде хабарлап, суреттер жариялаған еді.