Қазақстанның 16 облысында және Астанада 8 қыркүйекте қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғып, аймақтың солтүстік және батыс бөлігінде, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді деп күтіледі. Облыста және Шымкент пен Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз найзағай ойнап, шығысы мен оңтүстігінде дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда да найзағай күтіліп отыр.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірдің кей аумақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түстен кейін күн күркіреп, ауа райы құбылады.
Астанада 8 қыркүйекте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қалада солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Түнде және таңертең батыс аймақтарда тұман күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Абай облысында да қолайсыз ауа райы болжанған. Солтүстігінде найзағай, ал батысы мен орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, солтүстігі мен шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей аумақтарда тұман болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, орталық пен шығысында шаңды дауыл соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында шаңды дауыл болжанған.
Атырау облысының басым аумағында төтенше, ал батысында жоғары өрт қаупі бар. Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай, кей жерлерде қатты жел күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аудандарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Талдықорғанда да күн райы құбылады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да дәл осындай жағдай күтіледі.
Павлодар облысының батысында түнде нөсер жауып, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстігі мен шығысында бұршақ күтіледі. Павлодар қаласында да күн райы бұзылады.
Қостанай облысында түнде найзағай күтіліп, кей жерлерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жамбыл облысында да осындай құбылыстар болжанған. Таразда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай мен тұман күтіліп отыр. Кей жерлерде жел күшейеді.