Logo
Іздеу
Айдарлар

Симоньян ауыр дертке шалдыққанын айтты

/
Симоньян ауыр дертке шалдыққанын айтты
Сурет: видеодан скрин

«Россия сегодня» халықаралық медиатобы мен RT телеарнасының басшысы Маргарита Симоньян ауыр дертке шалдыққанын және алдағы ота туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бұл жайында «Россия 1» арнасындағы «Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында бөлісті.

Журналист ұзақ ойланып, эфирге шығуға әрең шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ осындай қиындыққа тап болған жандарға қолдау білдірді.

«Маған ауыр, қорқынышты диагноз қойылды. Ертең мына орденнің (патриарх сыйлаған Әулие Ольга ІІІ дәрежелі ордені – ред.) дәл астында ота жасалмақ. Бүгін эфирге шығып, шындықты айтуға міндеттімін деп ойладым. Өйткені көрерменнің әртүрлі болжам жасап отырғанынан гөрі, бәрін өзім айтқаным дұрыс деп шештім», – деді Симоньян.

Сонымен қатар журналист күйеуі Тигран Кеосаянның ауруханада тоғыз айдан бері комада жатқанын еске салды.

«Бір қайғыны бір қайғы сүйреп келеді», – деп түйіндеді ол.