Logo
Іздеу
Айдарлар

Руслан Желдібай президенттің көмекшісі болып тағайындалды

/
Руслан Желдібай президенттің көмекшісі болып тағайындалды
primeminister.kz. Суретте: Руслан Желдібай

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистратурасын бітірген.

2011–2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының редакторы.

2012–2018 жж. – «Алматы» телеарнасының бөлім басшысы, продюсері.

2018–2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы.

2019–2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы.

2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша).

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы.