Қараша айына жоспарланған концерт жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншіні қатаң сынға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
27 қарашада Астанада өтуі тиіс ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы BES.media сауалына жауап берген қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады.
Әкімдік мәліметінше, E-otinish жүйесі арқылы концертті болдырмау туралы шамамен 14 өтініш түскен. Концерт «күтпеген жағдайларға байланысты» өтпейтін болды.
Ресейлік әнші әрі актриса, «Жұлдыздар фабрикасы-2» жобасының жеңімпазы, «Евровидение-2015» байқауында екінші орын иеленген Полина Гагарина РФ-ның Украинаға қарсы агрессиясын ашық қолдаған. Бұған дейін оның Алматыдағы концерті де өтпей қалған еді.