Logo
Іздеу
Айдарлар

Оқушылар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген видео тарады

/
Оқушылар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген видео тарады
Сурет: видеодан скрин

Желіде бірнеше баланың қызды күштеп әжетханаға сүйреп кіргізіп, артынан тағы бірнеше баланың жүгіріп кірген видеосы қызу талқылануда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз...

Белгілі болғандай бұл жағдай 5 сәуірде Таразда – Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатта болған. Мұнда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары білім алады.

Жамбыл облысы Білім басқармасының мәлімдеуінше, оқу орнының басшылығы бұл фактіні жасырып қалған.

Басқарма жедел түрде тексеріс бастап, нәтижесінде мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылған. Дегенмен, нақты қандай шара болғаны айтылмады.

«Жамбыл облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп-интернат директорының үстінен әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғау жөнінде ұсыныс жолданды. Қазір полиция болған оқиғаға құқықтық баға беруде», – делінген ведомство жауабында.

Бұл жағдай бойынша полицияға арыз түспеген. Бірақ видеоматериалға байланысты барлық мән-жайды анықтау үшін тексеріс жүргізілді.

«Оқиғаға қатысқан балалар – 1-2 сыныптың оқушылары екені анықталды. Олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны ескертілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасына лауазымды тұлғаларға шара қолдану жөнінде ұсыныс жолданды», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаменті.