Польша қолбасшылығы Польша әуе кеңістігінде өткен түнде «ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған бұзу әрекеті» кезінде бірнеше ресейлік дронды атып түсірілгенін растады, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Бүгін Ресей Федерациясының Украина аумағына жасаған шабуылы нәтижесінде Польшаның әуе кеңістігіне „дрон“ түріндегі нысандар бұрын-соңды болмаған деңгейде заңсыз кірді. Бұл — біздің азаматтарымызға нақты қауіп төндірген агрессия әрекеті», — делінген Польша армиясы Жедел қолбасшылығының мәлімдемесінде.
Мәлімдемеде операциялық қолбасшы қауіп төндірген дрондарды «залалсыздандыру» туралы шешім қабылдағаны және бірнеше дронның атып түсірілгені айтылды.
Поляк әскери қызметкерлері қазір атып түсірілген дрондардың сынықтарын іздеп жатқанын хабарлады.
Шабуыл барысында Польша Жедел қолбасшылығы әуеге поляк ұшақтары мен НАТО-ға мүше басқа елдердің жойғыштары көтерілгенін, сондай-ақ жердегі әуе қорғаныс құралдары толық жауынгерлік дайындыққа келтірілгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Жешув, Люблин және Варшава әуежайларының үстіндегі әуе кеңістігі уақытша жабылды.