Logo
Іздеу
Айдарлар

Сенат төрағасы анасын құттықтаған Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді

/
Сенат төрағасы анасын құттықтаған Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді
Сурет: видеодан скрин

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан журналистер Мәжіліс депутаты жасағандай, жұмыс отырысы кезінде туыстарын құттықтау әдеттегі жағдай ма деп сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әрине, маған, сенат спикері ретінде, көршілес палатаның депутаттарының не айтқанын түсіндіріп, пікір білдіру онша дұрыс бола қоймас. Сондықтан пікір білдіруден бас тартайын», – деп жауап берді Әшімбаев.

Сондай-ақ, сенатта мұндай жағдайдың болуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

«Енді, егер бір сенатор анасын қатты жақсы көрсе, мүмкін, бірақ әзірге ондай жағдай болған жоқ», – деді ол.

Еске салайық, 10 қыркүйекте Мәжіліс отырысында депутаттық сауалдар оқылып жатқан сәтте депутат Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтаған еді.