Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Алматыда самокатшылар төбелесті

Алматыда самокатшылар төбелесті
Сурет: видеодан скрин

Алматыда самокатшылардың төбелесі болды. Олардың жаға жыртысып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Әуезов ауданында болған. Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысында екі самокатшы жолды бөлісе алмай қалған. Арадағы сөз талас көп ұзамай тротуардың қақ ортасында төбелеске ұласқан.

Полиция мәліметінше, қақтығысқа қатысқандар іздестірілуде.

«Аталған дерек бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Тротуарда төбелес шығарғандар ұсталып, заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.